Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сарапшылары терроризмге қарсы ынтымақтастық жобалары бойынша уағдаласты

АСТАНА, 03 желтоқсан. Ташкент қаласында  Қазақстан тарапының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің заң сарапшылары тобының кезекті отырысы өтті.

Сарапшылар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 39-шы отырысына шығаруға жоспарланған күн тәртібінің жобасын және құжаттық материалдарды талқылады.

Терроризмге қарсы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Кеңесінің шешімдерінің жобалары қаралды және келісілді.

Кездесу барысында сондай-ақ ШЫҰ АТҚҚ және оның Атқару комитетінің ағымдағы қызметінің басқа да өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу болды.

Іс-шара тараптар арасындағы сындарлы және мүдделі диалог жағдайында өтті.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының делегация басшылары ШЫҰ АТҚҚ Атқару комитетіне және қазақстандық тарапқа іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының штаб-пәтері

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *