Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Грузияда ДАИШ-тің ықпалды мүшесі ұсталды

АСТАНА, 09 желтоқсан. Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері «Ислам мемлекеті»* ұйымының ықпалды тұлғасы болып саналатын Цискара Тохосашвилиді (Әмір Иса) ұстады, деп Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлайды. Бұл туралы  Sputnik Грузияға  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Грузия азаматы Тохосашвили Тбилиси әуежайында ұсталды.
Цискара Тохосашвили 2015 жылы Грузиядан кетіп, Таяу Шығысқа барып, «Ислам мемлекеті» (ИМ) қатарына қосылған. Ол ИМ-нің ықпалды жетекшілерімен тығыз қарым-қатынаста.
«Тохосашвили, лақап аты Әмір Иса, «Ислам мемлекеті» мүшелерінің арасында өте ықпалды тұлға болып саналды. Ол Сириядағы, Ирактағы лаңкестік әрекеттерге және қазіргі соғыс қимылдарына белсенді қатысты. Ол біраз уақыт қақтығыс аймағында лаңкестік ұйымның бөлімшелерінің бірін басқарған», — делінген Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін, 2019 жылы лаңкестікке қатысы бар деген айыппен бірлескен операция нәтижесінде Тохосашвилидің інісі Цезарь Тохосашвили, «Ислам мемлекетінің» әмірі Әл-Бара Шишани ұсталған болатын.
Цезарь Тохосашвилиге Интерпол іздеу жариялаған. Ол 2018 жылдың жазында Украинада ұсталды, ол жерге жалған төлқұжатпен келген . 2020 жылдың мамыр айында ол Грузияға экстрадицияланды, ол әлі де жазасын өтеп жатыр.
 Цискара Тохосашвилиге қатысты «Шетелдік террористік ұйымға немесе шет мемлекет бақылауындағы террористік ұйымға бірігу немесе оған лаңкестік әрекетке көмектесу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Он жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *