АСТАНА, 16 желтоқсан. «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Осыдан 31 жыл бұрын, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіз дербес мемлекет екенін ресми түрде жариялады. Бұл – Отан мен оның халқының тағдыры үшін, олардың болашағы үшін жауапкершілік сезімімен біріктірілген барша қазақстандықтар үшін басты күн.
Тәуелсіздік күні – әрбір Қазақстандық үшін айтулы оқиға, өйткені Тәуелсіздік – ортақ Отанымыздың бостандығы, гүлденуі және елдің күштілігі.
Қазақстан халқына бірлік, денсаулық, тұрақтылық, бақ-береке, тыныштық пен бейбітшілік тілейміз!
Ортақ үйіміз – Қазақстан гүлдене берсін!