Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткі өндіру жөніндегі жасырын зертхана жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр. 2020 жылғы 17 мамырда ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша  департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасауды және оны «қойылма» деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған Қазақстан Республикасының «К» деген азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды. 

Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр «A-PVP» синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыштар, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ  психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды.

Одан басқа, психотроптық заттың салмағы шамамен 2,5 кг болатын 5 «қойылма» табылып, алынды.

Жиынтығында жүргізілген іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан құны «қара нарықта» шамамен 60 млн. теңгені құрайтын шамамен 3 кг
«А-PVP» психотроптық заты алынды.

 «К» деген азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *