Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ингушетияда терроризмге қарсы операция жүргізілді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Ингушетия Республикасының Сунжа қаласында Терроризмге қарсы операция режимі енгізілді. Бұл туралы аймақтың жедел штабына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .

«Ресей Федерациясының № 35-ФЗ «Терроризмге қарсы күрес туралы» Федералды заңының 11, 12-баптарын басшылыққа ала отырып, лаңкестік әрекеттер мен лаңкестік сипаттағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында Ресей Федерациясының Ингушетия Республикасындағы Федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы генерал-майор С. А. Чернышев 30 мамыр сағат 14: 30-дан бастап Ингушетия Республикасының Сунжа қаласының шектеулі аумағында: Чкалов көш.,  Плиев көш., Дружба көш., Висаитов көш., Южная көш., Гарданов көш.  елді мекен шекараларында терроризмге қарсы операциясын өткізу туралы шешім қабылдады », — делінген хабарламада.

Жедел штаб ақпараты бойынша, жағдай қызметкерлердің бақылауында.

«Жағдай бақылануда. Біз азаматтарды тыныштық сақтауға, бейберекетсіздік пен тәртіпсіздіктерге жол бермеуге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсетпеуге шақырамыз», — делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз қауіпсіздік күштері Демченко көшесінде банда мүшелерімен ұрысқа түскенін атап өтті.

Терроризмге қарсы ұлттық комитет бұл топтың оқшауланып қақпайланғанын атап өтті.

Кейінірек республиканың құқық қорғау органдарындағы дереккөз Ингушетияның Сунжа қаласындағы терроризмге қарсы операция аймағында содырлармен қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталғанын, содырлар жойылғанын айтты.

«Белсенді фаза аяқталды, атыс жоқ», — дейді ақпарат көзі. Қазір олар қақтығыс кезінде басталған  ғимараттың өртін сөндіруде.Болжам бойынша шеберхана өртенді.

Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің хабарлауынша, Сунжа қаласында терроризмге қарсы операция кезінде бір топ содырлар қоршауға алынған. Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, терроризмге қарсы операция режимі Мәскеу уақытымен 14: 30-дан бастап Сунжа қаласында  Чкалов, Плиев, Дружба, Висаитов, Южная, Гарданова көшелері аумағы шекарасымен шектелген жерде енгізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *