Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның Фарьяб провинциясының мешітінде болған атыс кезінде 3 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясындағы мешітте бір топ қарулы адам оқ жаудырды. Кем дегенде 3 адам қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды. Бұл туралы діни қызметші Мохаммад Эсмаилге сілтеме жасап  islam-today хабарлады.

Оқиға дүйсенбі күні  Фарьяб провинциясының орталығы болып табылатын Маймен қаласының мешітінде кешкі намаз кезінде болғандығы белгілі. Елде ірекет ететін топтардың ешқайсысы әлі шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Ауғанстанда үкімет күштері мен бұрын республиканың ауылдық жерлерінде айтарлықтай аумақты басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасаған радикалды «Талибан» қозғалысының (ҚР тыйым салынған ұйым) содырлары арасында қарсыласу бар. Сонымен қатар, елде «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ҚР тыйым салынған ұйым) ықпалы күшейді. Ауғанстанның Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері бүкіл ел бойынша лаңкестікке қарсы бірлескен операцияларды жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *