НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ауғанстанның Газне провинциясының Қарабах ауданында жандармерияға Талибан содырлары тарапынан ұйымдастырған қарулы шабуылында 7 күзетші қаза тапты, деп TRT жазады.
Газне провинциясы мәлімдемешісі Вахидуллах Джумазадах Талибан сарбаздарының Карабахтың Сайкуру аймағындағы жандермерияға қарулы шабуыл ұйымдастырғанын білдірді.
Шабуылда 7 күзетшінің қаза тапқанын және 9 күзетшінің жарақат алғанын түсіндірген Джумазадах шабуылдан кейін болған қақтығыста Талибан содырларының да шығынға ұшырағанын айтты.
Талибан осы тақырыпқа байланысты әлі бір мәлімдеме жасаған жоқ.