Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Новосібір соты «Түркістан ислам партиясы» лаңкестік ұйымға қатысы бар күдіктілерді қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Новосібір қаласының  Октябрь аудандық соты «Түркістан ислам партиясы»  (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымына қатысы бар Ресей және Қырғызстан азаматын тұтқындады, деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

«Новосібір қаласының Октябрь аудандық соты жабық сот отырысында Новосібір облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының тергеушісінің Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігінде  көзделген қылмысты жасады деп күдіктелген РФ азаматы М.-ге және Қырғыз Республикасының азаматы У.-ға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қарады», — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотының шешімімен Ресей аумағында лаңкестік ұйым деп танылған, «Түркістан ислам партиясы» (ҚР тыйым салынған ұйым)  ұйымының мүшелері.

«М. мен У.-ға қатысты сот 2020 жылдың 20 қыркүйегіне дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ және Новосібір облыстық сотына үш күн ішінде шағым жасалуы мүмкін», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Лаңкестік ұйымның қызметіне қатысу туралы баптың санкциясы он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Өткен бейсенбі күні ФҚҚ Мәскеу, Новосібір  және Краснояр өлкесінде «Өзбекстандағы исламдық қозғалысы» (ҚР тыйым салынған ұйым)   аймақаралық құрылымының қызметін тоқтатқанын хабарлады. Арнайы операцияны ІІМ мен Ұлттық ұланның қатысуымен ФҚҚ өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *