Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Маңғыстау полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 254 келі түрлі есірткі тәркіледі

АҚТАУ, 14 желтоқсан. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы биылғы жылдың 11 айында есірткіге байланысты 603 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде есірткі сатудың 61 фактісі, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысудың 2 фактісі, есірткі сатудан түскен ақша қаражатын заңдастырудың 1 фактісі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 8 фактісі, есірткі тұтынуға арналған притон  ұйымдастырудың және ұстаудың 2 фактісі, есірткі контрабандасының 2 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 5 фактісі, есірткіні насихаттау мен жарнамалаудың 2 фактісі бар.

Заңсыз айналымнан 254 келі түрлі есірткі, оның ішінде 253 кг марихуана, 150 грамм героин, 300 грамм гашиш, 93,5 грамм опий және 560 грамнан астам синтетикалық есірткі (меткатинол, МДМА, мефедрон және басқа ұқсас заттар) тәркіленді.

Ақтау қаласының қоғамдық орындарында еріктілер мен учаскелік инспекторлары 75 граффити жазуды, сондай-ақ есірткі құралдары мен олардың аналогтарын жарнамалаумен және сатумен айналысатын 85 интернет-сайт пен сілтемені анықтады және жойды, ҚР ІІМ-ге аталған сайттардың жұмысын ел аумағында бұғаттау үшін материалдар жіберілді.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында +7-777-289-54-80 жедел желі нөмірі жұмыс істейтінін, онда есірткі заттарының заңсыз айналымы фактілері, үйлердегі, қоршаулардағы және ғимараттардағы граффити жазбалары туралы барлық ақпаратты, күдікті сайттарға сілтемелерді, сондай-ақ есірткінің таралуына байланысты заңсыз қызмет туралы түсірілген немесе алынған фотосуреттер мен бейне материалдарды тікелей жіберуге болатынын хабарлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *