НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Ингушетияда 2020 жылдың жазында республикада арнайы операция кезінде жойылған лаңкестердің үш сыбайласы ұсталды, деп аймақтың құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ингушетиядағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде республикада өткен жазда болған арнайы операция барысында жойылған террористерге көмек көрсетуге қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды. Барлық ұсталғандар жауап алу үшін Владикавказға жеткізілді», — деді ақпарат көзі.
ТАСС бұл ақпаратты ресми растай алмайды.
2020 жылдың жазында Ингушетияда бірнеше арнайы операциялар жүргізілді.