Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстанда террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан.Дағыстанда екі адамнан тұратын жасырын террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды. Қаскүнемдер ұсталды, қару-жарақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы және оқ-дәрілер қоймасы анықталды. Бұл туралы Дағыстан бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

«5 ақпанда Дагестанның Дербент аймағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей ФҚҚ Дағыстан Республикасы бойынша басқарма қызметкерлері республикалық Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып екі адамнан тұратын жасырын террористік ұяшығын анықтап,  оның қызметін тоқтатты.  Аталған адамдар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, атыс қаруы мен оқ-дәрілері жасырынған құпия орнында ұсталды», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұяшық  мүшелері бірқатар террористік қылмыстар, оның ішінде тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындардың өміріне қастандық жасауды жоспарлаған.

«Қазіргі уақытта тергеу органдары ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуде», — делінген баспасөз хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *