НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Челябіде төрт Тәжікстан азаматы героин сатқаны үшін сотталды. Үкімді Тракторозавод аудандық соты шығарды, деп облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады.
Сот бұл адамдардың 2019-2020 жылдары қылмыстық іс-әрекетке қатысы бар екенін анықтады. Есірткіні олар құпия орындар арқылы таратқан. Олардың үйінен және есірткі салған құпия орындарынан жалпы салмағы 850 грамнан асатын 250 түйіншек алынды.
Айыпталушылар өз кінәларын мойындады. Сот оларды 10 жылдан 13 жылға дейін қатаң режимдегі колонияда тағайындады.