НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Ауғанстан астанасы Кабулда сейсенбі күні кешке жойқын жарылыс болды. Бұл ақпаратты Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Ариан оқиғаның мән-жайын ашпай, жарылыс сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:50 шамасында Кабулдың 15-ші полиция округінде болғанын хабарлады.
Қауіпсіздік көзі жергілікті БАҚ-қа жарылысты жанкешті лаңкес жасағанын және Ауғанстанның арнайы қызметі — Ұлттық қауіпсіздік директоратының колоннасына бағытталғанын айтты .
Әзірге бұл оқиға үшін бірде-бір ұйым жауапкершілікті мойнына алған жоқ.