Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Таразда өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізетін есірткі сақтаған 26 жастағы азаматша ұсталды

ТАРАЗ, 28 сәуір. Синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 26 жастағы тараздық азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов “Facebook” парақшасында xабарлады.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы төрт грамм “Alfa-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

“Alfa-PVP” синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *