Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аджария полициясы сотты болған адамнан аса ірі көлемде есірткі мен қару-жарақ тәркілеген

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.  Аджария полициясы сотты болған ер адамнан ірі мөлшерде есірткі заттарын, заңсыз атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп Грузия Ішкі істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап Sputnik Грузия жазады.

Аджария Ішкі істер министрлігі полиция бөлімінің детективтік бөлімшелерінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторларының бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сотты болған 1966 жылы туған Г.Ш. ұсталды.

Ұсталғанның жеке және жалға алған пәтерін тінту кезінде тәртіп сақшылары заттай айғақ ретінде 147 субоксин таблеткасы мен 14 орама героин тәркіледі. Жалға алынған пәтерде жүргізілген тінту нәтижесінде Токарев тапаншасы, Наган револьвері және 18 патрон  табылды.

Ұсталған адам есірткінің ірі мөлшерің заңсыз алу және сақтау, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау бойынша айыпталуда. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе мерзімсіз қамауға алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *