НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Кандахар қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Мейвенд ауданы Гедж Кариз аймағында жолдың шетіне төселген бомбаның адамдарды тасымалдаған көліктің өтуі барысында жарылғанын айтты.
Жарылыста 5 адам қаза тапты және 18 адам жарақат алды.