НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз. Деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың соңынан еретіндердің басым бөлігі – діни сауаты мүлде жоқ немесе төмен адамдар. Бұрын арнайы діни оқуды оқымыған немесе дінді ғаламтор желісінен үйренумен шектелген адамдар.
Мұндай адамдар эмоцияға беріліп: «Менікі дұрыс. Себебі мен Құдай үшін жасап жатырмын» деген оймен кез келген амалға баруы мүмкін. Тіпті келешекте ондай адамнан экстремист те, террорист те шығуы мүмкін. Өйткені оның діни сауаты жоқ.
Сөзіміз дәйекті болуы үшін мысал келтірейік. Кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің психолог мамандары Қазақстанда терактілерді жасаған адамдардың психологиялық портретін жасап шыққан болатын.
Мұнда бірінші кезекте теракті ұйымдастыруға билікқұмарлар барады екен.
Үшінші кезекте – әсіредіншілдер.
Елімізде теракті жасаумен айналысқан адамдардың ішінде: басым бөлігі – бұрын маскүнемдікке салынғандар; есірткіге таңылғандар; құмар ойынға тәуелділер; бұрын сотталғандар. Сонымен қатар, бір тұлға бір мезгілде есірткіге де салынғаны, сотталған болуы да мүмкін. Кейін олардың қатарында жай-күйі төмен, баспанасы жоқ, мүлдем діни білімі жоқ азаматтар құрайды екен. Ал енді осылардың 16%-нда толық емес діни білімі немесе жай ғана бастауыш діни сауаты болған.
Бұл біздің Қазақстандағы террористің әлеуметтік-психологиялық портреті. Байқасаңыз, діни террорист деп танылғандардың 84% діни білімі мүлдем жоқ.
Дереккөз: kazislam.kz