Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістанның Манипур штатындағы шабуылда жеті адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатында болған террорлық шабуылда кем дегенде жеті адам, оның ішінде «Ассам атқыштары» әскерилендірілген құрамының бес қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Бұл ақпаратты Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх растады.

Белгісіз лаңкестер «Ассам атқыштары» бөлімшесінің жасақтарына  шабуыл жасап, жеті адамды оқиға орнында өлтірді.

 «Манипур штатының Чурачандпур округіндегі «Ассам атқыштарының» жасақтарына жасалған шабуылбұл қайғылы және айыптауға тұрарлық оқиға. Еліміз бес ержүрек сарбазынан, оның ішінде «Ассам атқыштарының» бір аға офицерінен және оның екі отбасы мүшесінен айырылды. Жетімсіреп  қалған отбасыларға көңіл айтамын. Бұл қылмысты жасағандар жақын арада жауапқа тартылады», — деп Қорғаныс министрі Twitter-де жазды.

Манипур штатының бас министрі Н. Бирен Сингх те шабуылды айыптады.

Бас министр өзінің Twitter-дегі парақшасында үкімет армиясы мен әскерилендірілген жасақ содырлардың қозғалысын бақылап отыр және бұл шабуылды жасағандар жауапқа тартылады деп қосты.

Жанжалға ұшыраған Манипур штатындағы сепаратистік топтар Үнді Одағынан шығуды талап етіп, үнемі қарулы көтерілістер ұйымдастырады. Бұл топтар үнді әскери қызметкерлеріне жиі шабуыл жасайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *