НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Мәскеу полициясы Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елшіліктері мен консулдықтарын «миналау» туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Жұма күні ФҚҚ электронды поштасына ер адамнан екі хат келіп түсті. Хатта ол оның 44 жастағы сыбайласы Тәжікстан елшілігі мен бас консулдығы, Өзбекстан елшілігі мен елшіліктің консулдық бөлімінде және АҚШ елшілігінде жарылғыш заттар салынған рюкзактарды қойғаны туралы хабарлаған», — деп хабарлады дереккөз.
Ресейдің Орталық банкі мен Қызыл алаң да «миналанды» . Барлық ғимараттарды кинологтар тексерді, жарылғыш заттар мен қопарғыш жабдықтар табылмады. Эвакуация болған жоқ.
«Полиция бұл хабарламаларды тексеруге кірісті», — деді дереккөз.