НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористік ұйымы жыл сайын қару сатып алуға 24 миллион доллар жұмсайды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Аш-Шабабтың» кіріс көздері мен әскери шығындары туралы есепті Могадишода орналасқан Hiraal Institute үкіметтік емес ұйымы дайындады.
Есепте «Аш-Шабаб» қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды елдің қара нарығынан немесе қару-жарақ сатушылар арқылы Йеменнен жеткізітіні айтылған.
Қауіпсіздік қызметкерлері, шенеуніктердің және «Аш-Шабаб» содырларының айғақтары негізінде жасалған есеп бойынша, ұйым ай сайын 2 миллион долларға қару сатып алады.
Баяндама авторлары лаңкестік ұйымдағы басқару схемасын да егжей-тегжейлі сипаттайды.
Сонымен есепте «Аш-Шабабтың» әртүрлі көздерден, соның ішінде заңсыз салықтар арқылы табыс алатыны, террористік ұйымның жылдық табысының шамамен 100 миллион долларға бағаланғаны айтылады.