НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. «Кең-Булун – автожол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 23,5 келі есірткіні өткізу әрекетінің алдын алды, деп 24.kg сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Кен-Булун» бақылау-өткізу бекетіне 38 жастағы Қырғызстан азаматы мінген DAF XF510 көлігі келді. Жүк көлігінің тіркемесін тексеру кезінде қызметтік ит белгі берді, шекарашылар тексеру жүргізді.
Тіркеменің алдыңғы жағындағы еден жабындарын ашқан кезде, үстінен солидол құйылған, фольгаға оралған 24 брикеті бар екі құпия орын анықталды. Олар ерекше иісі бар қоңыр түсті зат болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша — ауған чарсы . Есірткінің жалпы салмағы 23,5 келі болды.