НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды.
1992 жылғы мамырда ҚР Президенті Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды. Содан бері 30 жыл бойы осы күні еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау міндеті болатын Отан қорғаушыларды құрметтейміз.
Бұл мереке — өз кәсібін елін, жерін қорғау деп таңдаған адамдарға деген терең құрметтің белгісі.
Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.