НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде. Ван қаласының Чатак ауданы маңында қолдан жасалған жарылғыш жарылып, бір әскер шейіт болды. Бір әскер жарақат алды, деп хабарлайды TRT.
Ішкі істер министрлігі хабарлама жариялап, Түркия уақытымен сағат 03,30-да Чатак ауданы маңында басталған «Ерен Аблука-22» операциясы шеңберінде жарылғыштың жарылуы салдарынан бір әскердің шейіт болғанын, бір әскердің жарақат алғанын білдірді.