Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулдағы жарылыстан кем дегенде 19 адам қаза болды

АСТАНА, 30 қыркүйек.Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы оқу мекемесіне жасалған жанкешті шабуылда алғашқы мәліметтерге қарағанда 19 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Талибан әкімшілігінің Кабул полиция бөлімшесі мәлімдемешісі Халид Задран баспасөзге берген сұхбатында Кабулдың батысында орналасқан Как оқу орталығына бомбалы шабуыл жасалғанын айтты.

Задран алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылда 19 адамның қаза тауып, 27 адамның жараланғанын білдірді.

Задран шабуылдың оқу орталығында емтихан қабылдау кезінде жасалғанын атап өтті.

Куәгерлер бұл шабуылды жанкештінің әрекеті деп мәлімдеді. Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім алған жоқ.

Кабулдың батысында салмақты түрде Хазар шиіттері тұрады. Осыған дейін де сол аймақта жасалған ұқсас шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы мойындаған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *