АСТАНА, 01 қазан. Сомали ұлттық армиясы (СҰА) жергілікті үкіметтік «Маавислей» жасақтарының қолдауымен бейсенбі күні Сомалидің орталығындағы Хиран аймағында «Аш-Шабаб» тобының 40 содырын өлтірді, деп Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
СҰА-ның қолбасшылары Сомали ақпарат агенттігіне Кил-Гухле ауылында болған ауыр шайқаста лаңкестердің өлтірілгенін хабарлады.
«Қазір біз қашып жүрген қалған экстремистерді іздеудеміз», — деп келтіреді агенттік олардың сөздерін.
«Аш-Шабабпен» күресте көрнекті жетекші және ақсақал Эльми Хагар Гуре ауыр шайқастар кезінде қаза тапты. Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре марқұмның отбасына көңіл айтты. Ол Э.Х.Гурені «сомали халқының бейбітшілікке қарсы топтан азат ету үшін сәтті көтерілісінің жақсы үлгісі» деп атады.
Кил-Гухле — жақында Сомалидің оңтүстігі мен орталығында үкімет күштері жергілікті тұрғындардың көмегімен азат еткен бірнеше ауылдың бірі.
Жақында үкімет күштері «Аш-Шабаб» позицияларына қарсы шабуылдарын күшейтіп, оларды содырлар он жылдан астам уақыт ұстап тұрған бірнеше бекіністерден ығыстырып шығарды.