Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Францияның арнайы қызметтері ИМ содырларының он әйелін ұстады

АСТАНА, 02 қараша.  Францияда арнайы қызметтер репатриация нәтижесінде отанына оралған он әйелді ұстады, деп kazislam.kz сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ұсталғандар «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған лаңкестік ұйым) ұйымымен байланысы бар деген күдікке ілінді.

Олардың біріне адамзатқа қарсы қылмыс және геноцид жасады деген айып тағылды.

Ұсталғандар өткен аптаның соңында Сириядан отанына экстрадицияланған. Барлығы Франция аумағына 19 бен 42 жас аралығындағы он бес әйел және олардың қырық баласы оралды. Олар Сирияның солтүстік-шығысындағы «Сирия демократиялық күштерінің» бақылауындағы лагерьлерде ИМ содырларының басқа туыстарымен бірге болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *