Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» ұйымының зауытын жарып жіберді

Мосул. 26 шілде. Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымының жарылғыш заттар өндіретін зауытын жарып жіберді. Зауыт Мосул қаласының батыс бөлігінде орналасқан.

Соңғы 5 күнде Ирактың террористерге қарсы күрес жасағына 40 жихадшы өз еркімен берілген. Олар қаланың тарихи бөлігінде бір айға жуық уақыт қоршауда қалып қойған болатын. Сондай-ақ лаңкестердің қолына түскен Мосул қаласына іргелес Имам Гарби ауылы да азат етілді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың  10 шілдесі күні Ирактың Премьер-министрі Мосул қаласының террористердің қолынан қайтарылғаны туралы хабарлап, халықты жеңісімен құттықтаған еді.

Дереккөзі: “The Qazaq Times” 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *