Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ата-аналар да ғаламторда отыруы тиіс

Алматы. 20 қараша. Таяуда Алматы облысында дін тақырыбында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізген білікті сарапшылардың ойы осыған тоқайласты.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті жанынан құрылған дін істері жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жұмысына  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық «Орбита-3»- мешітінің наиб-имамы Бертымуратов Жолдас Қоспақұлы, «Нұр Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Серік Тәжібаев белсенді атсалысты.

Халықтың діни сауаттылығын арттыруды мақсат еткен іс-шараға облыстағы қалалар мен аудандардың тұрғындары, өңірдегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, дін, БАҚ өкілдері, еңбек ұжымдары, оқытушылар, мұғалімдер, студенттер және де оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

Әсіресе, түзету мекемелеріндегі сотталғандар, оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушыларымен жеке кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сарапшылар Талдықорған қаласы және Заречный елдімекеніндегі түзету мекемесінде отырған азаматтармен кездесіп, әңгімелесті.

«Жалған керітартпа ағымдар жастарды өз қатарына тартуда Facebook, Вконтакте, Одноклассники сынды әлеуметтік желілерді жиі қолданады. Бұл жолда олар күні-түні жас толқынның ғаламтордағы әр іс-қимылын жіті зерделеп, өмірге деген көзқарастарына әбден қанығудан жалықпайды. Содан түрлі санаға әсер етудің сұмдық айлаларын пайдаланады. Ақыр түбінде бүлікке үгіттейді», — деп ескерткен мамандар ересектерді өскелең ұрпақ құмар ғаламтор ресурстарын қырағы назарда ұстауға шақырды.

Жадынама ретінде сарапшылардың айтары, ата-атаналар тарапы күнделікті баламен етене сұхбат құруды тоқтатпай, әлеуметтік желідегі парақшаларын аккаунтары мен құпиясөздерін білу арқылы арагідік тексеріп отырулары тиіс. Күдікті бірдене байқалса, бірден психолог, дін мамандары сынды құзырлы Министрлік пен Діни басқарма бекіткен білікті сарапшыларға жүгінгендері абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *