Париж. 28 сәуір. Парижде лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференция соңына жетті, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Онда 70 елдің күштік құрылымы мен қаржы ведомстволары және 20 халықаралық ұйым өкілдері лаңкестік ұйымдарды қаржыландыру мәселесімен қалай күресу керектігін талқылады. Қазақстан делегациясын Ішкі істер министрі бастап барды. Қалмұхамет Қасымов кездесу барысында француз әріптесі Жерар Коллонмен екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Француз арнайы қызметінің мәліметі бойынша 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Ирак және Левант ұйымы» өзінің лаңкестік әрекетін қаржыландыруға жылына 1 млрд доллар қаржы бөліп отырған. Форум жабыларда сөз сөйлеген Франция президенті Эммануэль Макрон лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық коалиция құруды ұсынды. Жиын қорытындысы бойынша арнайы декларация қабылданды. Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі келесі конференция 2019 жылы Австралияда өтетін болды.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
– Қазақстан делегациясы Елбасымыздың бастамасын таныстыруда. 2015 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Президентіміз жаһандық терроризмге қарсы коалиция құру мәселесін бастама ретінде таныстырған. Қазір бұл мәселеге қатысты Сыртқы істер министрлігі және Нью-Йорктағы тұрақты өкілдігіміз тиісті қужатты дайындауда.