Шымкент. 10 мамыр .Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбалар таратқан 8 азамат ұсталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
«10 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталды. ОҚО ІІД-де ҚР ҚК –нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Департаменттің Тергеу басқармасымен барлық қажетті тергеу іс-шаралары атқарылуда. Күдіктілер қамауға алынды», — деп жазылған хабарламада.