Астана, 30 шілде. – Идлиб провинциясында бірнеше террористік топ — «Джебхат Ан-Нусры», «Джебхат Тахрир Сурии», «Сукур Аш-Шам» үкіметтік әскерге қарсы бірігіп соғысуға дайындалуда. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «KAZISLAM».
Айта кету керек, қазіргі уақытта бұл террористік топтар Идлиб территориясының 75%-ын бақылауда ұстап отыр. Мұндағы содырлардың жалпы саны – 30 мыңға жуық. 300-ден аса техникалары бар. Сирия үкіметі олардың шабуылға бірлесе дайындық жасап жатқанын жергілікті тұрғындардан білген.
Террористер жаулап алған аймақта бейбіт тұрғындарды соғысқа мәжбүрлеу, азық-түлік заттарын, жүк көліктері мен мотоциклдерді тартып алу әрекеттері орын алуда.
Еске салсақ, ымыраласу режимі енгізілгеніне қарамастан Идлиб провинциясында соңғы екі тәулікте заңсыз қарулы топтар тарапынан ережені бұзу фактілері тіркелген.