АСТАНА, 2 тамыз. Ауғанстанда «Ислам мемлекеті*» (ИМ* экстремистік ұйымының ондаған содыры елдің солтүстігіндегі Джаузджан уәлаятында ұйым мен «Талибан*» қозғалысы арасында қақтығыс ушыққан тұста ауған қауіпсіздік күштеріне беріліп жатыр деп хабарлады шенеуніктер.
Уәлаят полициясының басшысы Факер Мохаммад Джаужани 1 тамыз күні Азаттықтың Ауған редакциясына Дарзаб ауданында 31 шілдеден бері кем дегенде 200 содыр қауіпсіздік күштеріне берілгенін хабарлады.
Джаужани Ауғанстанның солтүстігіндегі ИМ*-нің негізгі бекінген жері қазір «Талибан*» бақылауына өткенін айтты.
«ДАИШ* (ИМ*-нің араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы — ред.) қорқынышы толығымен жойылды және Джаузджан уәлаятындағы халық оның зұлымдығынан құтылды» деді «Талибан*» ресми өкілі Забиулла Муджахид мәлімдемесінде.*
(ДАИШ*) ИМ* козғалысы Казахстанда тыйым салынған.
Талибан* козғалысы Казахстанда тыйым салынған.