АСТАНА, 14 тамыз. Мәскеу тұрғынын «телефон терроризмі» үшін 1 жыл 4 айға бас бостандығынан шектеді деп елорда прокуратурасы хабарлайды.
48 жасар Мәскеулік қаланың оңтүстік-шығысындағы пәтерлердің бірінде жарылыс дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау бергені үшін айыпты деп саналды.
26 мамыр күні ер азамат бұзақылық жасап қалалық телефоннан «02» теріп дайындалып жатқан жарылыс туралы хабарлады,деп баяндалады.
«Келіп түскен ақпаратты тексеріп, ұйымдық-техникалық шараларын өткізу үшін Ресей ІІМ-нің Мәскеу қаласының Рязан ауданы бойынша бөлім қызметкерлерінің жұмыс кестесің бұл ісімен П. азаматы бұзды. Көрсетілген мекен-жай бойынша пәтерді тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ешқандай жарылғыш құралғылар мен жарылғыш заттарды тапқан жоқ»,- деп прокуратурада хабарлайды.
Сот ер азаматты 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеп, тұрғылықты орның тиісті органдарының келісімінсіз ауыстыруға тыйым салды. Оған Мәскеу қаласы мен облысының территориясынан тыс шығуға тыйым салынған, сонымен қатар айына бір рет жазасын өтеуін қадағалайтын арнайы мемлекеттік органға келіп тұруы қажет.