Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Қазақстанда 2018 жылы 3 террористік шабуылдың алды алынды

АСТАНА, 21 қараша. 2018 жылы ҰҚК Астана, Ақтөбе және Орал қалаларында экстремистік сипаттағы 3 террористік шабуылды болдырмады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып, Arna Press агенттігі хабарлады.

Барлығы 13 адам ұсталды. Олардың ішінен 6 адам терроризм актісіне дайындық, терроризмді насихаттау және террористік қызметке көмекшілік үшін сотталды. Қалғандарына қатысты тергеу жалғасуда.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың басынан бері терроризмді насихаттау үшін 35 адам ұсталды.

«Халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқан, ҰҚК іздестіруінде болған тағы 7 азаматымыз шетелде ұсталып, Қазақстанға депортацияланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды мекемеде.

Биылғы жылдың қазан айында «Иакын Инкар» діни ұйымына сотпен тыйым салынып, экстремистік деп танылды. Бұл ұйымның мақсаты — бір елде, оның ішінде Қазақстан аумағында «халифатты» құру, бұл дегеніміз конституциялық құрылымды мәжбүрлеп өзгертуді, егемендікті бұзуды білдіреді.

Осы ұйымның мүшелері басқа діндердің бар болу құқығын түбегейлі түрде жоққа шығарады, демек бұл діни экстремизм тұжырымдамасына кіреді, өйткені басқа дін өкілдерімен еріксіз қақтығысты тудырады. «Иакын Инкар» мүшелері болған Қазақстандық азаматтар елімізде экстремистік әрекеттері үшін бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *