АСТАНА, 23 қараша. Белгісіз тұлғалар Пәкістанның ең ірі Карачи қаласындағы қытайлық консулдығының жанындағы қол гранатасын жарып, оқ атты, деп Geo TV арнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, шабуылға кем дегенде үш адам қатысты, елшілік ғимаратының күзетшілері олармен оқ атысты, оның барысында екі полиция қызметкері өлтірілді, біреуі жарақат алды.
Оқиға орнына полиция мен арнайы бөлімше шақырылды.
Арнайы операция кезінде шабуылшылар жойылды.