АСТАНА, 23 қаңтар Шешенстанда 2018 жылы құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қарулы топтардың 21 мүшесі бейтараптандырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің алқасында Республика басшысы Рамзан Қадыров мәлімдеді, деп хабарлайды EADaily агенттігі.
«Негізгі міндеттердің бірі — лаңкестік пен экстремизмнің көріністерін болдырмау болып қалады. Арнайы лаңкестікке қарсы шаралардың нәтижесінде қарулы қарсылық көрсеткен кезде заңсыз қарулы топтардың 21 мүшесі қаза тапты. Аса ауыр қылмыстардың, есірткі айналымымен байланысты қылмыстардың және жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай қысқарды», — деді Қадыров.
Шешенстан Ішкі істер министрі Руслан Алханов өткен жылы аймақта террористік сипаттағы және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 56 адам ұсталды деп мәлімдеді.
«Топтардың он мүшесі өз кінәсін мойындап келді. Жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 17 қару мен оқ-дәрі сақталған құпия орын табылды және жойылды. 209 атыс қаруы, 15 400-ден астам түрлі оқ-дәрілер қылмыстық айналымнан шығарылды », — деді Алханов.