АСТАНА, 27 қаңтар. Филиппинде жарылыстардың салдарынан кем дегенде 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Rappler порталына сілтеме жасап.
Алдында, кем дегенде сегіз адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды деп хабарланды.
Порталдың мәліметі бойынша, жарылыстар жексенбі күні таңертең Силу провинциясындағы Холо аралында болды. Бір жарылғыш құрылғы шіркеудің кіреберісінде, екіншісі — ішкі бөлігінде жарылды. Құрбан болғандар саны 19, 48 адам жараланған.
Полиция бұл жердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Әзірше шабуыл үшін жауапшылықты ешкім өзіне алмады.