ЖАМБЫЛ, 21 ақпан. Жамбылдық полицейлер 67,5 марихуана және 143 грамм гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрықталған азаматқа қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.
«2019-жылы 18-ақпан күні «Есірткі» жедел- алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы ПД ЕБҚКБ қызметкерлері Байзақ ауданында бұрын сотты болмаған Құмжота ауылының 48 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйінен 67,5 келі марихуана және 143 грамм гашиш табылып, тәркіленді», — деп хабарлап отыр облыстық Полиция департаменті Баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде