НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Кабулдағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 68-ге жетті, деп Пажвак агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Бұған дейін 20 зардап шеккендер туралы хабарланған болатын.
«Бүгінгі Кабулдағы жарылыс салдарынан 53 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», — делінген Twitter-дегі агенттіктің блогында.
Жарылыс Кабулдағы Қорғаныс министрлігінің логистикалық орталығына жақын жерде орын алды. Билік мәліметтері бойынша, жарылыстан кейін екі шабуылшы қарама-қарсы жақтан салынып жатқан ғимараттан қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне қарсылық көрсетуін жалғастыруда. Жарылыс орнына арнайы күштер қызметкерлері келді.
Бұған дейін хабарланғандай, жойқын жарылыс Кабулдың №16 полиция округінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс орнында атыс естілді.