Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз. Жақында Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысы Шұғнан ауданының аумағында батальон-тактикалық оқу-жаттығуларды ұйымдастырумен әскери-стратегиялық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығудың соңғы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ТаджикТА.  

«Бірлескен оқу-жаттығуларды ТР қорғаныс министрлігінің, Қытайдың ұлттық — азаттық армиясының өкілдері және басқа да ресми тұлғалар бақылады», — деп хабарлайды ТР қорғаныс министрлігі.

Дереккөздің мәліметтері бойынша, Джеланды полигонында Тәжікстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері мен Қытай армиясының бөлімшелері ауыр брондалған және артиллериялық әскери техниканы, әскери тікұшақтарды, түрлі автомобиль техникасын және басқа да заманауи әскери оқ-дәрілерді қолдана отырып, шартты жауға оқ ашқан.

Бірлескен тактикалық оқу-жаттығуда екі жақтан бронетехника, артиллерия және авиация пайдаланылды. Сондай-ақ мемлекеттік шекараның заңсыз өтуін болдырмау, шекара бұзушыларды зиян келтірмейтіндей қылу және ұстау, дала жағдайында және елдің қиын өтетін жолдарында шартты жауды жою бойынша операциялар жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *