Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шу қаласының тұрғынынан 300 келіге жуық марихуана тәркіленді

ТАРАЗ, 11 қыркүйек.  Жамбыл облысында жол талғамайтын көлігінен ширек тоннадан астам марихуана табылды, деп  облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.

«Бірлік — Мойынқұм — Ұланбел тас жолының 33-ші шақырымында Жамбыл облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Шу қаласының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota Runner көлігін ұстады. Ер адам салмағы 287,5 келі болатын 12 қап кептірілген марихуана алып жүрген», — делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (есірткіні, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау,  сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полициядан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *