Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде ФҚҚ ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. 19 желтоқсан кешке қарай Мәскеуде белгісіз ер адам Кузнец көпірі маңындағы Федералдық қауіпсіздік қызметі  ғимаратының маңында оқ атқан. ФҚҚ ТАСС ақпарат агенттігіне шабуыл жасаған адамның қаза тапқанын хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды. 

Куәгерлер оқ атылған дыбыс пен адамдардың айқайын естігенін айтады.

Куәгерлердің сөзінше, жараланғандар бар. Тағы бір дереккөздер «қауіпсіздік қызметінің екі өкілі жараланып, Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері қаза тапты» деп жазды. Бірақ ресми ақпарат жоқ.

Москва ақпарат агенттігінің дерегінше, оқ Үлкен Лубянка көшесінде ФҚҚ ғимаратының қасындағы ғимаратта атылған. Басылым дереккөзінің айтуынша, шабуыл жасаған күдікті қаза тапқан.

Агенттікке «Атыс Үлкен Лубянка көшесіндегі №12 үйде болып жатыр» деген ақпарат түскен. Ал РБК телеарнасына ІІМ Мәскеу қалалық басқармасындағы дереккөз «атыс Воровской алаңында болған» деп хабарлаған.

Лубянкамен жапсарлас көшелер жабылған. Қалада «Сирена» жоспары іске қосылған.

19 желтоқсан Ресейде қауіпсіздік орган қызметкерлері күні аталып өтеді. Оқ атылған сәтте Ресей президенті Владимир Путин арнайы қызмет өкілдеріне арналған концертте отырған және «барлау қызметінің жұмысын күшейтуге» шақырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *