НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сено провинциясындағы ауылға белгісіз қарулы тобының шабуылы салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады .
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоцикл мінген белгісіз содырлар ауылға басып кіріп, кейін көзден таса болды. Шабуыл салдарынан 20 тұрғын қаза тапқан . Оқиғадан кейін ауыл мен оның маңындағы тұрғындар елдің солтүстік-орталық аймақтарына қашып кетті.
Әзірше шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір топ немесе адам мойнына алған жоқ.
Оқиғадан бірнеше күн бұрын біреу жергілікті тұрғындардан ауылдан кетуді талап еткені хабарланған.
Соңғы жылдары «Ислам мемлекетімен» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) байланысты экстремистік топтар мен террористік ұйымдар елдің