АЛМАТЫ, 10 ақпан. Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адамды полиция анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Қазіргі уақытта ер адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Бұған дейін ол осыған ұқсас әрекеттері үшін жауапқа тартылған», — деді ол.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Еске салайық, Алматы әуежайында жарылғыш зат бар деген хабарлама түскеннен кейін жолаушылар мен персонал эвакуацияланған. Tengrinews.kz редакциясына эвакуация туралы жолаушылар айтып берді. Олар жолаушылардың ғимарат сыртына шұғыл шығарылып, автобусқа отырғызылғанын хабарлады.