НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Ирактың қауіпсіздік күштерінің елдің солтүстігіндегі Киркук провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының баспанасына шабуылы нәтижесінде 23 содыры өлтірілді, деп Ирак Қарулы күштерінің Біріккен қолбасшылығына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Қауіпсіздік күштері ИМ-не (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қарсы халықаралық коалиция қолдауымен Киркук қаласының оңтүстігіндегі лаңкестер бекетіне шабуыл жасады, нәтижесінде қиян-кескі ұрыс басталды, деп дүйсенбі күні Ирак Қарулы күштерінің Бірлескен қолбасшылығы мәлімдеді.
Нәтижесінде 23 содыр өлтірілді. Қауіпсіздік күштері тарапынан бір адам қайтыс болды, тағы төрт адам жарақат алды.
2017 жылдың желтоқсанында Ирак «Ислам мемлекетің» жеңді деп жариялаған , бірақ елде әлі анда-санда шабуыл жасайтын экстремистер қалып отыр.