НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Дүйсенбі күні Кения полициясының резервшілері елдің солтүстік-шығысындағы шекаралас аймақта «Аш-Шабаб» тобының төрт содырын жойды, деп Ваджир округінің полиция бастығы Томас Нгейваға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Полиция бастығының хабарлауынша, оқиға Сомали шекарасынан 8 км қашықтықта орналасқан Карса аймағында болған. «Аш-Шабаб» содырларымен қақтығысқан кезде полиция резервшілері тобы тұрақты патрульде болған. Т.Нгейваның айтуынша, құқық қорғау органдарының екі қызметкері жарақат алған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына тергеу тобы жіберілді.
Соңғы жылдары Кенияның солтүстігінде «Аль-Каидамен» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) байланысты лаңкестік топтардың шабуылдары бірнеше рет орын алған.