НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. Пәкістан-Иран шекарасы маңында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылып, кемінде алты пәкістандық шекара қызметкері қаза тапты, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Пәкістан әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады .
«Әскери қызметшілер Пәкістан-Иран шекарасынан 14 км қашықтықта, Кеч округінің Булед алқабынынан патрульдік қызметтерінен базаға қайтып келе жатқан, — делінген хабарламада. — Шекарашылардың көлігі қашықтықтан басқарылатын жарылғыш құрылғы әрқылы жарылған». «Нәтижесінде бес қатардағы жауынгер мен бір офицер қаза тапты», — деп хабарлады баспасөз қызметі.