Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда қарулы шабуылдардан он алты адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 наурыз.  Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатында қарулы шабуылдарда 16 адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды. Бұл туралы Кадуна штатының  ішкі қауіпсіздік және ішкі істер жөніндегі мемлекеттік комиссары Самуэль Аруванға сілтеме жасап Anadolu агенттігі хабарлады . Белгісіз қарулы адамдар Зангон Катаф және Курмин Ганду ауылдарына шабуыл жасады. Шабуылдар салдарынан 10 үй мен екі мотоцикл өртенді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта АҚШ әскерлері тұратын әскери базасына зымыран шабулы жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 наурыз. Сәрсенбі күні Ирактың Анбар провинциясында Америка Құрама Штаттары әскерлері тұратын Айн әл Асад әскери базасына он зымыран шабуылы жасалды.Бұл туралыSky News Arabia телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұған дейін Анбар провинциясында орналасқан базаның халықаралық коалиция әскері базасының маңында кем дегенде 10 зымыран құлағаны туралы хабарланған болатын . Телеарнаның хабарлауынша, снарядтар Хит пен Аль-Багдадия қалалары арасындағы елді мекеннен шыққан. Ирактың қауіпсіздік күштері шабуылда қолданылатын іске қосу құрылғысын  […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургте террористерді жалдаушы 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 наурыз.  2-ші Батыс аудандық әскери сотының билер алқасы Санкт-Петербургтегі көшпелі отырыста Исфандиер Акрамовты Сирияға жіберу үшін  «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымына екі адамды жалдағаны үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп қалалық және Ленинград облысын бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Екінші Батыс округтік әскери сотының көшпелі алқасы Акрамов Исфандьиерді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Еліміз бойынша пойызбен есірткі тасымалын жолға қойған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Көлік полицейлері есірткіні пойызбен тасымалдаумен айналысатын бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ақпан айында көлік полицейлері арнайы іс-шара кезінде Нұр-Сұлтан, Павлодар, Семей және Екібастұз қалаларының аумағында есірткі тарату мақсатында пойызбен тасымалдап жүрген бір топ адамды анықтап, ұстады», — деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің бастығы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі өткізумен айналысатын жергілікті  тұрғынды ұстады

    ТҮРКІСТАН, 02 гаурыз. Түркістан облысының полицейлері үйі мен ауласына есірткі жасырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай күдікті тұрғындардың біріне марихуана сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Колумбияда екі мина жарылып, үш сарбаз жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Колумбияның шығысында екі мина жарылысынан елдің Қарулы күштерінің кем дегенде үш қызметкері жарақат алды. Бұл туралы RCN радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Радиостанцияның ақпараты бойынша, оқиғалар дүйсенбі күні күндіз Норте-де-Сантандер шығыс департаментінде болған. Бірінші жарылыс Кукута муниципалитетінде болды, онда екі сарбаз  жарақат алды, екіншісі Тибу муниципалитетінде болды,ол жерде бір сарбаз жарақат алды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Түркияда ұсталған қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандық туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. Ер адам 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Айта кетейік, 19 ақпанда ДАИШ* құрамында болған қазақстандықтың Түркияда ұсталғаны хабарланды. Ол […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • AFP: ИМ содырлары БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * террористік тобымен байланысты исламшыл содырлар дүйсенбі күні Нигерияның солтүстік-шығысындағы БҰҰ базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Agence France-Presse-ке (AFP) сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Қауіпсіздік және гуманитарлық құрылымдардағы дереккөздердің хабарлауынша, содырлар Борно штатындағы Диква қаласында орналасқан базаға шабуыл жасап, өртеген. БҰҰ-ның 25 қызметкері бункерді паналады. AFP дереккөздерінің ақпараты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезия мен Түркия полициясы екіжақты ынтымақтастықты нығайтады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Индонезия мен Түркия ұлттық полицияның әлеуетін, әсіресе білім беру бағдарламалары арқылы нығайтуға келісті, деп Antara агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Индонезияның Анкарадағы елшілігінің жазбаша мәлімдемесіне сәйкес, келісім Индонезия мен Түркия ұлттық полициясы өкілдерінің  қатысуымен бірлескен жұмыс тобының отырысында жасалды. Тараптар сондай-ақ терроризм, адам саудасы, есірткі контрабандасы және киберқылмыс сияқты түрлі трансұлттық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядан Түркияға өтпек болған 5 террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 наурыз.  Сириямен шекаралас Шанлыурфа және Мардин провинцияларында 9 мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталды, олардың бесеуі КЖП (РКК) террористтері. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Шабуылдаушылар Түркия территориясына заңсыз жолмен Шанлыурфадағы Джейланпынар аймағында және Мардиндегі Қызылтепе аймағында кіруге тырысты. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары […]
    • 4 Years ago
    • 0