Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Елбасы Швеция Короліне Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айтты

    Астана. 10 сәуір. Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз. Қаза болғандардың отбасылары […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Дін істері және азаматтық қоғам министрімен салафизм ағымына байланысты сұхбат

    Астана. 10 сәуір. Кейбір деректерге қарағанда еліміздегі салафизм ағымындағы адамдардың саны 10 мыңға дейін барады. Ал шетелдерге кетіп, қолына қару алғандардың жартысы өлген. Кеткендердің саны туралы да ресми мәлімет жоқ. Тек, жартысы әйелдері мен бала-шағасы деген әңгіме естігенбіз… Мылтықсыз майданда қалай? Ми майданын айтамын. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен Астана телеарнасының тілшісі Гүлбарам […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Мысырда қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

    Астана. 9 сәуір.  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елге демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді курортты аймақтан тыс шықпауды ұсынады, деп хабарлайды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өз Facebook парақшасында. «Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Пасха алдындағы жексенбі күні Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды

    Каир. 9 сәуір.  Мысырдың Танта қаласында, Каирдан солтүстікке қарай орналасқан, екі жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Журналистердің ақпаратына сәйкес, бірінші жарылыс Мар-Гиргис ғибадатқасында болды. Басында, жарылғыш затты жаңкешті іске келтірді деп хабарлаған, ал сосын бір белгісіз адамның жарылғыш заты бар сөмкені собордың бірінші қабатында тастап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. eXtranews телеарнасының […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Стокгольм қаласының орталығындағы теракт. Оқиға хроникасы

    Стокгольм. 7 сәуір. Стокгольм қаласының орталығында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді басып өткен, деп хабарлайды Швеция Радиосы куәгерлерге сілтеме жасап. Төтенше жағдай Дроттнинггатан —  қаланың басты жаяу жүргіншлер көшесінде орын алды. Куегердің айтуынша, жүк көлігі жоғарғы жылдамдықта жаяу жүргішлерді таптап өтті. Жүк көлік дүкенге соғылып барып тоқтады. First image of Sweden Truck Accident @France24_en @ZoieOBrien_ #Stockholm #Sweden pic.twitter.com/KDGRghKXol — Dennis Wecker (@dennis_wecker) […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Қазақстан түрмелерінде деструктивті мазмұндағы әдебиеттер табылды

    Астана. 7 сәуір. Еліміздің бас бостандығынан айыру орындарының барлық кітапхана қорындағы материалдарға сараптама жүргізілді. Бұл жайында бүгін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Діни материалдардың таралуына ведомствоаралық мониторинг жолға қойылды. Интернетте анықталады және содан кейін барып құқыққа қайшы мазмұны бар материалдар бойынша сәйкесінше шаралар қабылданады. Бұл жұмыстар Бас […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Лаңкестік үшін кәмелетке толмағандар азаматтықтан айырылмайды — Әділет министрлігі

    Астана. 7 сәуір. Азаматтықтан айыру түріндегі жаза кәмелетке толмағандарға қолданылмайды. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде қоғамдық тыңдау барысында ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры Дархан Игембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы аясында азаматтықтан айыру жазасы […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Республикалық жедел штаб «ЕХРО-2017» көрменің терроризмге қарсы қорғанысын талқылады

    Астана. 7 сәуір. «ЕХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штабының көшпелі отырысы жұма күні, 7 сәуірде, өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы  ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды. Көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды. Республикалық терроризмге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Мәсімов Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрімен кездесу өткізді

    Астана. 7 сәуір. Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы К.Қ. Мәсімов жұма күні, 7 сәуірде, Астана қаласына ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-ші кездесуіне қатысуға келген Қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды. Тараптар терроризмге қарсы, трансұлттық қылмыстық қауымдастық және есірткі бизнесімен күрес, сондай-ақ кибер […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері деструктивтік идеологиялардың таралуын болдырмау үшін жаһандық деңгейде құжат әзірлеуді ұсынады

    Алматы. 7 сәуір. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекеттері интернет арқылы деструктивтік идеологиялардың таралуын болдырмау үшін  жаһандық деңгейде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді ұсынады, делінген ШЫҰ-ның 12-ші кездесуінің қорытындысы бойынша таратылған ақпараттық хабарда. «Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ұйым кеңістігіндегі қауіпсіздік және тұрақтылық саласындағы жағдай туралы ақпаратпен алмасты. Мүше-мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, басқа да заманауи […]
    • 8 Years ago
    • 0