НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық қауіпсіздік органдарында жүргізіліп жатқан жүйелі трансформациялар мен жұмыстың негізгі нәтижелері туралы баяндалды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне хабарлайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ҰҚК құрылымы оңтайландырылып, бөлімшелердің қызметтері мен міндеттері нақтыланды. Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ дағдарысқа қарсы басқару жүйесіне жаңа тәсілдер енгізілді. Ермек Сағымбаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының […]